Әскердегі әлімжеттік: әлеуметтік желіде әскери қызметшінің анасының аудиожазбасы жарияланды

Халық үні
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде әйелдің Өскеменде мерзімді келісімшартпен қызмет атқаратын ұлының көрген қорлығын баяндайтын аудиожазбасы жарияланды.

Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Әйелдің айтуынша, рота командирі ұлын осы күнге дейін басынып келген. Әскери қызметшінің анасы «Жол бақылауы» қоғамдық бірлестігінің белсендісі Антон Князевке жүгінген. Ол аудиожазбаны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Әйел командир ұлына қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытатынын айтқан.

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Бұл факт ақпаратты тіркеу кітабында тіркелді, әскери полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.«Шығыс»  өңірлік қолбасшылығы барлық фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізуде. Бүгінгі таңда 5518 әскери бөлімінің әскери  қызметшісі қызметінен шеттетілді. Тексеріс қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын болады, - деді Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі  Бағдат Амангелді.