Маңғыстауда жұмысшылар тағы да митингке шықты
Бас көтерген жұмысшылар жалақысын 100%-ға көтеруді талап етіп отыр.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлері Маңғыстау облысында митингке шықты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
1 тамыз күні Маңғыстау бөлімшесіндегі Бейнеу дистанциясының жұмысшылары митингке шықты, - делінген хабарламада.
Бас көтерген жұмысшылар жалақысын 100%-ға көтеруді талап етіп отыр. Алайда компания өкілдері бұл талапты қаржы жетіспеушілігіне байланысты орындай алмайтындарын айтқан.
Митингке қарамастан темір жол тасымалы жұмыс істеп тұр.