Солтүстік Қазақстанда екі ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Самат Жақып

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында екі ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ер адам мамырда жоғалып кеткен, содан бері іздеу жұмыстары жүргізілді. 

Алғашында ер адамды іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеген. Сондықтан полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарды іздестіру жұмыстарына көмектестуге шақырды. «Lider.kz» еріктілер қозғалысының өкілдері әлеуметтік желілерде хабар-ошарсыз кеткен адам туралы түрлі хабар таратып отырды. Із-түссіз жоғалған 57 жастағы Сергей  Багинскийдің денесі Тайынша ауданынан қарасты Келлеровка ауылынан табылды. Аталған фактіге қатысты сот-медициналық сарапатама тағайындалды.

Оның өліміне қатысты күдікті ұсталды, марқұмның жерлесі – 43 жастағы тұрғын полицияға қылмысын мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.