×

Түркістан облысында мектеп директоры жаңа тақта алу үшін мұғалімдерден ақша жинаған

Оның үстінен әкімшілік іс қозғалған

 Дастан Жұмабекұлы 01.08.2022 | 17:05
фото: ашық дереккөз

Түркістан облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов айтуынша, өңірде білім беру мекемелерінің 92 пайызы аттестациядан өтпей қалды. Сонымен бірге мұғалімдердің жалақысын пайдаланған мектеп директорларына сөгіс жарияланды.

Nur.kz-тің хабарлауынша, талапқа сай емес деп танылған мекемелер ішінде 98 балабақша, 67 мектеп, 2 колледж бар. Бұл олқылықтарды Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті анықтады.

Оның айтуынша, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес келген 14 білім беру ұйымы, яғни 8 балабақша, 6 мектеп аттестациядан өтті. Талапқа сәйкес келмеген 167 білім беру ұйымы талапқа сай келмеді.

Сондай-ақ департамент басшысы Сауран ауданындағы мектеп директоры мұғалімдерден ақша жинап, сол қаражатқа сынып бөлмелеріндегі тақталарды ауыстырғанын айтты. Мектеп басшысының бұл әрекеті үшін әкімшілік іс қозғалған. Нәтижесінде директор Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 409-бабы бойынша жазаланған. Бұдан басқа тағы үш мектеп директорының педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзғаны анықталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама