«Қайрат» футзал клубына тағы бір бразилиялық ойыншы келді

Дастан Жұмабекұлы

Бұған дейін командаға қақпашы Деннис, шабуылшы Фернандиньо мен қорғаушы Кайо Сезарь қосылған

фото: ашық дереккөз

«Қайрат» футзал клубы жаңа ойыншымен толықты.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда әмбебап ойыншы Кайо Руиспен 2023/2024 жылғы маусымның соңына дейін келісімшарт жасаған.

Ойыншы португалиялық «Спортингтен» ауысқан. Сондай-ақ, Руис Бразилия құрамасы сапында үш ойын өткізіп, бір голдың авторы атанған.

Бұған дейін Алматының футзал командасының құрамына үш бразилиялық легионер қосылған еді. Олар –  қақпашы Деннис, шабуылшы  Фернандиньо мен қорғаушы Кайо Сезарь. Ал шабуылшы Витао клубтан кетті.