×

«Жасыл дамуға» жаңа басшы келді

Жасыл даму - Қазақстандағы қалдықтарды жинау бойынша жаңа оператор

 Ербол Тұрымбет 01.02.2022 | 13:15
фото: ашық дереккөзден

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Жанат Самат «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

ЖАНАТ САМАТ

1980 жылғы Ақтау қаласының тумасы. Мамандығы – экономист.

Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы бойынша салық комитетінде бөлімнің бас инспекторы болып бастаған. Әр жылдары өңірдегі салық комитетінде, басқармаларда бөлім мен басқарма басшысы қызметтерінде болған. 

2010-2012 жылдары аралығында «Каспий ӘКК-да басқарушы директор-аппарат басшысы, басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында болды.

2014-2016 жылдары Қызылорда қаласында «Байқоңыр» ӘКК-да басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2019 жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2020 жылдан бастап министрлікке қарасты Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығының бас директоры қызметінде жұмыс істеп келді.

«Жасыл Даму» АҚ Қазақстандағы қалдықтарды жинау бойынша жаңа оператор ретінде бекітілгені белгілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама