Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесін тағы да көтерді
Қазақстанда электр энергиясы тапшылығының алғашқы белгілері білініп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарында қаржы секторы өкілдерімен кездесіп, жиында атом энергетикасын дамытудың өзектілігіне, соның ішінде Атом электр станциясын салу мәселесіне де тоқталды.
Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау, – деді Президент.
Биыл 9 қыркүйекте Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев алдағы үш жылдық бюджетте Қазақстанда атом электр станциясын салуға қаражат қарастырылмағанын мәлімдеді.