Бұған дейін ол Гданьск пен Сиднейде жеңімпаз атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды.
Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады.
Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың екінші ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен кездесіп, жеңіске жетті.
Бірінші партияда К.Кава мен А.Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, Данилина мен Фридзам жұбы таразы басын теңестіріп, өз пайдасына шешті. Есеп – 6:4.
Екінші сетте есеп 4:5 болған кезде де Данилина мен Фридзам брейк жасай алды. Есеп - 5:5. Бірақ қарсыластары қайыра брейк жасап, сетті өз пайдаларына шешті. Есеп – 7:5.
Супер тай-брейкте Данилина мен Фридзам жұбы 8:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін К.Кава мен А.Росольска есепті қысқартқанымен, Қазақстан мен Германия жұбы мүмкіндігін жібермеді. Сөйтіп, кездесу 6:4, 7:5 және 10:5 болып бітті.
Ол осымен WTA турнирін үшінші рет жеңіп отыр. Мұның алдында былтыр Гданьск (Польша) қаласында жалауы желбіреген жарыста үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейде WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді.