Halyq Uni логотип
×

«Рыбакинаның жолымен»: Анна Данилина WTA-250 турнирін жеңіп алды

Бұған дейін ол Гданьск пен Сиднейде жеңімпаз атанды

 Дастан Жұмабекұлы 01.08.2022 | 13:37
«Рыбакинаның жолымен»: Анна Данилина WTA-250 турнирін жеңіп алды
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды.

Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады.

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың екінші ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен кездесіп, жеңіске жетті.

Бірінші партияда К.Кава мен А.Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, Данилина мен Фридзам жұбы таразы басын теңестіріп, өз пайдасына шешті. Есеп – 6:4.

Екінші сетте есеп 4:5 болған кезде де Данилина мен Фридзам брейк жасай алды. Есеп - 5:5. Бірақ қарсыластары қайыра брейк жасап, сетті өз пайдаларына шешті. Есеп – 7:5.

Супер тай-брейкте Данилина мен Фридзам жұбы 8:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін К.Кава мен А.Росольска есепті қысқартқанымен, Қазақстан мен Германия жұбы мүмкіндігін жібермеді. Сөйтіп, кездесу 6:4, 7:5 және 10:5 болып бітті.

Ол осымен WTA турнирін үшінші рет жеңіп отыр. Мұның алдында былтыр Гданьск (Польша) қаласында жалауы желбіреген жарыста үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейде WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама