Ол «темір атқа» отырып, тәуекел еткенін айтты
Қытайда тұратын 22 жастағы Кәусар есімді қазақ қызы, Шыңжаң қаласынан жолға шығып, 6000 км жолды велосипедпен 2.5 айда жүріп Үрімжі қаласына жетті.
Кәусардың айтуынша, бұл жолмен жүріп өткенде қаншама қиындықтарға тап болған.
Денсаулығым жақсы болып тұрғанда, өмірімде есте қалатындай күндер болсын деп велосипедпен екі қаланың арасын жүріп өткім келді. Тәуекел еттім. Жас кездеріңізде өмірге ешқандай өкініш қалдырмаңыздар. Еліміздің кең байтақ жерін аралап көріңіздер. Тәуекел етіңіздер, – деді қандасымыз.
Ол жолда біраз қиындық көргенін, таулы-тасты жерде 7 сағаттай жүргенін, тұман, жаңбыр, бойында үрей, қорқыныш сезімі болса да алға қойған мақсатына жету үшін өзін жігерлендіріп, жігеріне жігер қосып, алға ұмтыла бергенін атап өтті.