Halyq Uni логотип
×

«Келісіп ала ма, түсінбейсің...». Әлем рекордын жаңартқан зілтемірші Едіге Ембердінің реніші

Боксты да қазір олимпиададан алып тастау керек деген әңгіме шығып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 01.08.2022 | 11:58

Төрешілер арасында әділетсіздік жасайтыны болады. Әсіресе, халықаралық сайыстарда. «...Сұрауы бар» YouTube арнасындағы подкаста Қазақстанның атын шығарып, көк туын көтеріп жүрген жас спортшы, жасөспірімдер арасында Әлем және Азия чемпионы, рекордсмен Едіге Емберді осылай деп ренішін білдірді.

Мексикада серпе көтеруден бірінші мүмкіндігім 165 келіні көтеру болатын. Көтердім де асығыстықпен тез тастап қойдым. Бірақ көбін санап жіберді де, менікін санамады. Мексикалық дейін десең, олай емес. Канададан, Колумбиядан да балалар болды, қолдары ойнайды. Қол ойнаса бізде санамайды. Келісіп ала ма, түсінбейсің, - дейді спортшы.

Подкасқа қатысушылар «Бұл төрешілердің өз қателігін мойындамайтын пендешілігі ме, әлде белгілі бір мемлекетке болысуы ма?» деген сұрақты да кеңінен талқылады.

Спортта әртүрлі болады. Бокста былық көп. Қанша қарап жүрмін, соңында алып кеткенді есептейді. Боксты қазір олимпиададан алып тастау керек деген әңгіме шығып жатыр. Өйткені шу көбейіп кетті, - дейді блогер Рымбек Ізғали.

Бұл қазақстандық боксшы Василий Левиттің Рио олимпиядасының финалында ресейлік Евгений Тищенкодан жеңілуіне қатысты пікір еді.

Подкаст жүргізуші Азамат Алдоңғар спортшылардан «Чемпиондық медальді сатып алуға бола ма?» деп сұрады. Бұған жас чемпион Едіге Емберді: «Біздің спортта болмайды», - деп жауап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама