Halyq Uni логотип
×

Франция соты Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесін қарайды – БАҚ

Қазақстанда оның партиясы террористік ұйым деп танылған

 Халық үні 01.08.2022 | 10:39
Франция соты Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесін қарайды – БАҚ
Мұхтар Әблязов, фото: eureporter.co

EU Reporter басылымы қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әблязовтың экстрадициясына қатысты мақала жариялады. Мақала тақырыбы «Францияның босқындар ісі жөніндегі соты Мұхтар Әблязовтың ісін қарауға дайындалып жатыр» деп аталады.

Британдық веб-сайтта қашқын банкирдің тағдыры жақын күндері шешілетінін мәлімдеп отыр. Сотта Әблязовтың босқын ретінде Францияда қалу мәселесі немесе алаяқтығы бойынша экстрадициялануы қаралатынын айтқан.

Әблязовтың ұзаққа созылған оқиғасы Францияның босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотына дейін жетті. Сот жақын уақытта қашқын олигархтың тағдырын шешеді, – делінген аталған мақалада.

Paris Match зерттеуінше, егер сот экс-банкирді Францияда саяси босқын ретінде қалдырса, бұл француз саясаткерлерінің алаңдаушылығын тудырмақ, өйткені Францияның Қазақстанмен қорғаныс және уран саласында маңызды келісімшарттары бар. Сонымен қатар Франция үкіметі сот саяси босқын берген жағдайда екі елдің арасы бұзылады деп қауіптенеді.

Басылымның мәліметінше, Әбілазов мәселесі Босқындар ісі жөніндегі соттың жаңа президенті Матье Эрондараның алғашқы ірі ісі болмақ. Тиісінше, соттың шешімі бұқараның ерекше назарында болады, деп жазады басылым.

Айта кетейік, Мұхтар Әблязов Қазақстаннан 2009 жылы қашып кеткен. Оған БТА-банктің 7,5 млрд долларын жымқырды деген айып тағылған еді. Бүгінде миллиардер Франциядан саяси баспана алып, босқын ретінде өмір сүріп жатыр.

Әблязовтың экстрадициясын Қазақстаннан бөлек Ресей мен Украина да сұрап отыр. Екі ел де экс-банкирді ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама