1 тамыздан бастап сербтердің құжаттары бір айға тоқтатылады
Косово билігі Еуропа одағы мен АҚШ елшілерімен кездесіп, кеңескеннен кейін серб құжаттарына тыйым салу процедурасын 1 қыркүйекке шегерді.
Косово елдің солтүстік өңірінде тұратын сербтерді Сербияның жеке құжатын алып, автокөліктеріне көрші мемлекеттің номерлерін тағып жүргені үшін наразылық білдіріп, Сербия билігін айыптаған болатын.
Осыған байланысты НАТО-ның «Косово үшін күштер» миссиясының (KFOR) өкілдігі тараптар арасындағы келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Жексенбіде Сербия президенті Александр Вучич Косово полициясы түн ортасында сербтерге қарсы әскери операция бастайтынын мәлімдеп, соғысқа дайын болу керектігін ескертті. Енді косоварлар Еуропа одағы мен АҚШ елшілерінің араласуымен 1 қыркүйекке дейін сербтердің елдің солтүстігінде Сербияның жеке құжаттарымен жүруді бір айға тыйым салып, шегерді.
АҚШ Косовоны райынан қайтарды
Косово билігі Еуропа одағы мен АҚШ елшілерімен кездесіп, кеңескеннен кейін серб құжаттарына тыйым салу процедурасын 1 қыркүйекке шегерді.
Енді 1 тамыздан бастап сербтердің құжаттары Косовода бір ай күшін жойып, тоқтатылады.