Қазақстандық балуан еркін күрестен әлем чемпионы атанды
Куруглиев жарыс кезінде Түркия, Үндістан және АҚШ балуандарын ұтқан
Италияның Рим қаласында өткен күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Камил Куруглиев чемпион атанды
Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Камил финалда венгриялық Муса Арсукановты 11:0 есебімен жеңді. Куруглиев жарыс кезінде Түркия, Үндістан және АҚШ балуандарын ұтқан.
Айта кетейік, бұл Қазақстан командасының аталған әлем чемпионатындағы екінші алтын медалі.
Бұған дейін 55 келі салмақта Дарын Әскербек жеңіске жетіп, еліміздің әнұранын шырқатқан болатын. Грек-рим күресінен ел намысын қорғаған балуандар екі қоламен шектелді.