Руслан Жақсылықовты қызметінен босатуды талап еткен петиция жарияланды
Қазақстандықтар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатуды талап еткен петиция жариялады.
Руслан Жақсылықов министр болғалы бұқаралық ақпарат құралдарының беті жас сарбаздардың қазасы туралы тақырыпқа толып қалды. Сонымен қатар қазақ армиясында бейберекеттік болып жатыр. Ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді, - делінген петицияда.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Мемлекет басшысы министрге еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға тапсырма берген болатын.