Путин жалған референдум өткізіп, Украинаға сес көрсетуі мүмкін - АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі

Халық үні
Фото: ашық дереккөздерден

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилдтің айтуынша,  агрессор Ресей Украинаны жойып «оны әлем картасынан толығымен өшіргісі келеді» деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде Елші АҚШ Ресейдің Донецк және Луганск, сондай-ақ Оңтүстік Херсон және Запорожье облыстарын аннексиялауға дайындалып жатқанын байқағанын айтты.

Оның айтуынша, Мәскеудің бұл талпынысы «жалған референдумдар өткізу немесе Ресейге қосылу туралы жарлық шығару мақсатында Ресейдің бақылауындағы аймақтарға заңсыз сенім білдірілген тұлғаларды орналастыруды» қамтуы мүмкін.

Томас-Гринфилд Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың «тіпті бұл Ресей соғысының басты мақсаты» деп мәлімдегенін еске алды.

Естеріңізге сала кетейік, Лавров Каирдегі Араб саммитінде: «Біз сөзсіз Украин халқын абсолютті халыққа қарсы және тарихқа қарсы режимнен арылуға көмектесеміз», - деген болатын.