Halyq Uni логотип
×

Американдық лотереядан 1,28 млрд доллар ұтып алды

Бұл – Mega Millions лотереясының 20 жылдық тарихындағы екінші үлкен джекпот

 Қанат Атаманов 31.07.2022 | 06:30
Американдық лотереядан 1,28 млрд доллар ұтып алды
Фото: ашық дереккөздерден

АҚШ-тың Иллинойс штатының тұрғыны Mega Millions лотереясының джекпотын 1,28 миллиард доллар ұтып алды.

New York Post хабарлағандай, бақытты адам 30 шілде күні таңертең жарияланды. Американдық заңнамаға сәйкес, 250 мың доллардан астам қаражат алған ұтыс ойынының қатысушылары есімдері мен мекен-жайларын құпия сақтауға құқылы. Сондықтан бұл жолы да жеңімпаздаң есімі құпия болып қалды.

Лоторея ережесіне сәйкес, жеңімпаз ұтысты екі әдіспен ала алады. Бірінші әдісі – ақшаны 29 жыл бойы бөліп-бөліп ала алу, ал екіншісі – бір рет 747,2 млн доллар алу. Бір атап өтерлігі, екінші жағдайда барлық салықтарды төлегеннен кейін жеңімпаздың қолына тек 457,5 млн доллар тиеді.

Бұл – Mega Millions лотереясының 20 жылдық тарихындағы екінші үлкен джекпот. Алғашқы рекорд 2018 жылы тіркелген болатын. Сол жылы Оңтүстік Каролина штатытының тұрғыны 1,5 млрд доллар жеңіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама