Қостанай облысының әкімдігі ұн мен пияздың бағасына мораторий жариялады
Бірінші сұрыпты бидай ұны – 1 келі үшін 195 теңге
Қостанай облысында ұн мен пияздың бағасы өспейтін болды. Мұндай шешім өңір әкімдігінде қабылданды, деп жазады QostanayTV.
Құжаттың мәтіні төмендегідей:
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге, оны күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен бекітілсін: бірінші сұрыпты бидай ұны – 1 келі үшін 195 теңге; пияз – 1 келі үшін 140 теңге, – деп жазылған Қостанай облысы әкімдігінің қаулысында.
Естеріңізге сала кетейік, 29 шілдеде Қазақстанда жоғары өнімге қарамастан пияздың бағасы екі есе өскенін жазған болатынбыз.