×

Головкин – «Канело» бокс кешінің кардына шығатын спортшылар белгілі болды

T-Mobile Arena-да сегіз кездесу өтеді

 Қанат Атаманов 30.07.2022 | 23:30
Фото: ашық дереккөздерден

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін бокс кешінің толық кардын жариялады.

Жалпы алғанда, T-Mobile Arena-да сегіз кездесу өтеді, олардың бесеуі титулдық жекпе-жек:

Энтони Эррера (2-0-1, 2 КО, АҚШ) – Делвин Маккинли (4-3-1, 4 КО, АҚШ);

Марк Кастро (7-0, 5 КО, АҚШ) – Кевин Монтьель (6-1-2, 3 КО, Мексика);

Аарон Апонте (6-0, 2 КО, АҚШ) – Фернандо Молина (8-0, 3 КО, Мексика);

Диего Пачеко (15-0, 12 КО, АҚШ) – Энрике Кольясо (16-2-1, 11 КО, Пуэрто-Рико). Екінші орта салмақтағы WBC (USNBC) Silver титулы үшін жекпе-жек;

Остин Уильямс (11-0, 9 КО, АҚШ) – Киран Конвэй (17-2-1, 3 КО, Ұлыбритания) Орта салмақтағы WBA International титулы үшін жекпе-жек;

Али Ахмедов (18-1, 14 КО, Қазақстан) – Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО, АҚШ). Екінші орта салмақтағы IBF North American титулы үшін жекпе-жек;

Джесси Родригес (16-0, 11 КО, АҚШ) – Исраэль Гонсалес (28-4-1, 11 КО, Мексика). Екінші аса жеңіл салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек;

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО, Қазақстан) – Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО, Мексика). Екінші орта салмақтағы WBA Super, WBC, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама