АҚШ пен Қытай арасында әскери қақтығыс бола ма? Нэнси Пелоси отырған ұшақ Тайваньға бет алды
Ұшақ қытай аумағына рұқсатсыз кірген жағдайда елдің әуе күштері ұшақты атып құлату қаупі өте жоғары
Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары туралы Америка мен Қытайдың қарама-қайшылығы шарықтау шегіне жетті. Нэнси Пелосимен бірге АҚШ-тың Boeing C-40C әуе күштері Эндрюс әуе базасынан Тынық мұхиты бағытында ұшып шықты.
АҚШ билігі Өкілдер палатасының спикері, 82 жастағы Нэнси Пелосидің Тайваньға баруға толық құқылы деп сендіреді. Бірақ Қытай егер ол ҚХР рұқсатынсыз аралға баратын болса, соғыс басталып кетуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Мұның салдарын әскери қақтығыс болған жағдайда барлық ескертулерді елемеген американдықтар кінәлі болады.
Бір атап өтерлігі, Нэнси Пелоси әскери ұшақпен Қытайдың әуе кеңістігіне кіре алмайды. Бұл үшін оған ҚХР рұқсаты қажет. Ұшақ қытай аумағына рұқсатсыз кірген жағдайда елдің әуе күштері ұшақты атып құлату қаупі өте жоғары.
Бірақ бірнеше ай бұрын Қытайдың ескертулерінен кейін Тайваньға сапарын кейінге қалдырған 82 жастағы саясаткер орта жолда азаматтық борттардың біріне ауысуы мүмкін.
Біз бұған дейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденге отпен ойнамауды ескертіп, Қытайдың ішкі ісіне араласпауды сұрағаны туралы жазған болатынбыз.