×

Маймыл шешегі: Адам өлімі тіркелді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, вирус әлемге тез таралып жатыр

 Халық үні 30.07.2022 | 17:32
Фото: ашық дереккөздерден

Dw.com cайтының ақпаратынша, Бразилияда маймыл шешегінен қайтыс болған алғашқы өлім тіркелді. Қайғылы оқиға Минас-Жерайс штатының Уберландия қаласында болған.

Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі 41 жастағы науқастың иммунитеті нашар болғаны айтып, қайтыс болу дерегін растады.

Бір күннен кейін Испанияның Валенсия қаласында тағы бір адам көз жұмды. Осылайша бұл Еуропадағы алғашқы, ал Африкадан тыс жердегі екінші өлім дерегі. Испания маймыл шешегінің таралуы бойынша әлемдегі АҚШ-тан кейінгі екінші ел екенін де айта кетейік.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама