Алматы облысы аумағында 3 броконьер ұсталды
Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
28 шілде күні сағат 15:06 шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік комитет және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлесе Алматы облысы Іле ауданының аумағында 3 браконьерді ұстады. Олар: БҚО, Алматы облысы және Қытай халық республикасының (ҚХР) тумасы. Тексеру барысында 2 284 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді, – делінген хабарламада.
Белгілі болғандай броконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған. Қазір осы дерекке қатысты ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.