×

Грузияда адамдарды құтқаруға ұшып бара жатқан тікұшақ апатқа ұшырады

Тікұшақ бортында құтқарушылар мен дәрігерлер болған

 Халық үні 30.07.2022 | 10:05
Фото: видеодан кадр

Грузия жаңалықтары Telegram арнасының ақпараты бойынша, қайғылы оқиға Гудаури елді мекенінле болған. Бастапқыда ол жақта турист пен инструктордың парапланы шатқалға соғылып, апатқа ұшыраған. Таулы аймақта құтқару жұмыстарын жүргізу өте қиын болғандықтан, ол жерге тікұшақ жіберілген еді.

Алайда тар шатқалда маневр жасаймын деген тікұшақтың артқы жағы жартасқа соғылып, ол құлай бастайды. Сөйтіп жартасқа тағы бір рет соғылып, жарылды.

Грузияның Ішкі істер министрлігінің ақпартына сәйкес, тікұшақтың бортында 8 адам болған. Ол 4 экипаж мүшесі, 2 құтқарушы және 2 дәрігер. Қазір 9 адамның қаза болғаны расталды. Бұл тікұшақ бортында болғандар және тікұшақ көмекке келген турист. Парапланер инструктры ғана аман қалды. 30 шілде Грузияда аза тұту күні деп жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама