Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында педофил кәмелетке толмаған қызды зорлап, өлтіріп кетті

Ол қыздың денесін ауылдың шетіне көміпті

 Халық үні 29.07.2022 | 22:51
Жетісу облысында педофил кәмелетке толмаған қызды зорлап, өлтіріп кетті
фото: almaty.tv

Панфилов ауданында қайғылы оқиға орын алды. Ата-ана полицияға хабарласып, қыздарының кешке құрбысының үйіне кетіп, содан оралмағанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция жоғалған қызды іздестіру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізді. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтады.

«Қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, мұнысы елге аян болады деп қорыққандықтан оны өлтіргенін мойындаған жергілікті тұрғын анықталды»,- делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Ол қыздың денесін ауылдың шетіне көміпті. Мәйіт топырақ астынан алынып, сот-медициналық сараптама жүргізуге жолданды.

«ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Айыптының дәрменсіз күйдегі адамды өлтіруі), 10-тармағы (өзге қылмысты жасыру мақсатында) және 14-тармағы (Кәмелетке толмағанды өлтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді, олар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Ал ҚР ҚК-ның 120-бабы 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды зорлау) 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды, іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеуді облыстық полиция департаментінің тергеушілері жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама