«Путин! Баламызды тауып бер!» - соғыста із-түссіз жоғалғандардың аналары үндеу жасады

Халық үні

Бірі туыстары тірі десе, енді бірі қаза болғанын жеткізген

фото: abai.kz

Украинадағы соғыста із-түссіз жоғалған жүзден астам ресейлік сарбаздың туыстары оларды тауып беру талабымен президент Владимир Путинге ашық хат жолдады.

Олар Ресейдің тиісті мекемелері соғысқа кеткен туыстары туралы қарама-қарсы мәліметтер беріп жатқанын айтады: бірі туыстары тірі десе, енді бірі қаза болғанын жеткізген.

«Сарбаздардың туыстары өз алдына іздеу жүргізіп, ұлы не күйеуі тұтқында не өлгені туралы мәліметті дәлелдеуге тура келіп жатыр. Елдің барлық аймағында жағдай осындай. Бірқатар құқық қорғау органдары өз ісін нашар атқарып жатыр, әскери бөлімшелердің командирлерінен ешқандай жәрдем болып жатқан жоқ», – деп жазылған үндеуде.

Ашық хатқа 106 адам қол қойған. BBC және «Медиазона» журналистері ашық бұлақтарға сүйеніп, 2022 жылдың 22 шілдесіне дейін 4 940 орыс әскері қаза болғанын растаған.

Abai.kz