Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Халық үні 29.07.2022 | 19:58
Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жол-көлік оқиғасы 28 шілдеде «Ақтау-Бейнеу» р еспубликалық маңызы бар тасжолының 325-ші шақырымында болды. 

«Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Онда Mercedes Benz S-320 автокөлігімен соқтығысқан.  Салдарынан екі көліктің де жүргізуші, Lada Priora автокөлігінде болған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы зардап шекті. Олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жатқызылды», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданының полиция бөлімшесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама