Украина мен Ресей бір-бірін айыптап жатыр
Бүгін Украинаның Ресей басып алған Еленовка деген жердегі колония снарядпен атқыланды. Соның кесіренен тұтқындағы «Азов» жасағының 53 сарбазы қаза тауып, 75 адам жарақат алды. Олар атқылаудан бірнеше күн бұрын түрмеге қамалған.
Бұл туралы moscowtimes.ru хабарлады.
Ресей соққыны Украина «ХАЙМАРС» қаруымен атқылады десе, Украина тарапы мұны жоққа шығарып отыр. Соның алдында ғана желіде Ресей әскерінің қатарында соғысып жатқан қалмақтардың қолға түскен украин сарбаздарын қинап, тіпті кастрация жасаған видеолар тарай бастаған еді.
Әзірге сарбаздардың қазасына кінәлі жақ анықталған жоқ.