×

Алматыда 128 мың бейнекамера қойылды

Қаланың барлық жері «Сергекпен» қамтылған

 Дастан Жұмабекұлы 29.07.2022 | 16:28
фото: ашық дереккөз

Алматы полициясының хабарлауынша, қалада 128 186 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша көпқабатты үйлерде 4 251 бейнекамера қойылса, «Адам көп шоғырланатын орындарды бейнебақылау жүйесі» жобасы аясында 1 103 бейнекамера орнатылған.

Сол сияқты көшелердің желілік учаскелерінде, кіреберіс және шығу, сондай-ақ, көше қиылысында 5 892 бейнекамера қойылған. Оның ішінде 5 034 камерадан тұратын 776 «Сергек» ҚХА посты бар. Биылғы жылдын бірінші жарты жылында осы камералардың көмегімен 364 988 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.

Білім беру нысандарында 11 979 бейнекамера, мектепке дейінгі мекемелерде 6 132, денсаулық сақтау нысандарында 3 008, спорт нысандарында 1 932, қоғамдық орындарда 1 322, әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде 98 355, қоғамдық көлікте 1 437 бейнекамера орнатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама