×

Денис Теннің сценариймен түсірілген фильм көрсетілді

«Соқыр махаббат» прокатқа шықты

 Дастан Жұмабекұлы 29.07.2022 | 15:27
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Теннің сценарийімен түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады. 

Қайғылы оқиғадан бір ай бұрын, 2018 жылдың маусым айында Денис Тен фильм сценарийін Screenlife Contest байқауына жолдап, финалистер қатарынан көрінген еді.

Келесі жылы түсірілім жұмыстары спортшының қазасынан кейін басталған болатын. Оған Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Чак Че режиссерлік етсе, танымал режиссер Тимур Бекмамбетов пен Денистің анасы Оксана Тен бас продюсер болды. 

Фильм 33 минутқа созылған. Түсірілім тобы Денистің бастапқы сценарийін барынша өзгеріссіз қалдыруға тырысқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама