×

Жасөспірімдерге электросамокатпен жүруге тыйым салынады

Биыл жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс енгізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 29.07.2022 | 14:06
фото: sxodim.com

Елімізде 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады. 

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті мәлімдеді. 

Электросамокатпен тек бір адам жүруі керек. Қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс, –  делінген хабарламада.

Биыл жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс енгізіледі. Жаңа талапқа сай электросамокат иелері қозғалыс құралына жарықтандырғыш орнатуы міндеттеледі. Бұған дейін самокатқа арналған ереже бекітілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама