Halyq Uni логотип
×

Ерболат Досаев Алматы әкімі болып тағайындалды

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға алғысын айтты

 Айнұр Шошаева 31.01.2022 | 15:22
Ерболат Досаев Алматы әкімі болып тағайындалды
Ерболат Досаев, фото: ашық дереккөзден

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Оның орнына Алматы қаласының әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды.

Досаев 2019 жылдың 26 ақпанынан бүгінге дейін Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарды.

1998-2000 жж. – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2000-2001 жж. – Қаржы вице-министрі.

2001-2002 жж. – Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2002-2003 жж. – Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2003-2004 жж. – Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Ұлттық банктің басқарма мүшесі.

2004-2006 жж. – Денсаулық сақтау министрі.

2012-2013 жж. – Экономикалық даму және сауда министрі.

2013-2014 жж. – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2014-2016 жж. – Ұлттық экономика министрі.

2016-2017 жж. – «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы.

2017-2019 жж. – ҚР премьер-министрінің орынбасары.

Еске салайық, 29 қаңтарда Мемлекет басшысы «Хабар» телеарнасына сұхбат беріп, әңгіме барысында Алматы қаласы әкіміне қатысты пікірін білдірді.

«Әкім өмірінде алғаш рет мұндай қиын жағдайға тап болды. Мен оны кінәламас едім, ол - қызметтік міндеттерін атқару тұрғысынан адал адам. Бірақ алматылықтардың көңіл-күйін де ескеруге міндеттімін, сондықтан уақыты келгенде білетін боласыздар», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама