Halyq Uni логотип
×

«Оқ атылған жоқ»: Алматыда қызды зорлауға ұмтылуға қатысты тың дерек шықты

Жедел-тергеу тобы құрылды, істі департамент басшылығы бақылауға алды

 Айгерім Таубай 29.07.2022 | 11:45
«Оқ атылған жоқ»: Алматыда қызды зорлауға ұмтылуға қатысты тың дерек шықты
Фото: Halyq Uni

Әлеуметтік желіде қараңғы көшелердің бірінен жүгіріп шығып, жолдағы көліктен көмек сұраған қыздың видеосы тарады. Бойжеткен жолда тоқтаған көлік жүргізушісіне өзін әлдебіреудің зорламақ болғанын айтады. Соған байланысты Алматы қаласы полициясы зорлауға оқталу фактісі бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жәбірленуші қыз танысынан күдіктенеді. Іс барысында 22 жастағы қыздың оқиға болар алдында онымен бірге ішімдік ішкені анықталды.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызды зорлауға оқталу бойынша тергеуді Жетісу ауданы полиция басқармасы жүргізеді. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде тараған видеода тарс еткен дыбыс шығады. Желі қолданушылары оқ атылғаны туралы жазды. Алматы полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарып, оқиға кезінде қару қолданылмағанын хабарлады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама