Ол жат діни ағымды жақтаушысы ретінде тіркеуде болған
Түркістан облысы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірігіп, есірткі заттарын сатуы мүмкін деген күдікпен ер адамды ұстады.
Ол деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде тіркелген Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.
Жедел уәкілдер күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінтіп, оның үйінің ауласынан биіктігі 30-40 см болатын есірткі затына ұқсас 17 түп өсімдікті тауып, тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, айғақты зат ретінде алынған түптер құрамында есірткісі бар «сора» болып шықты.
Қазір сотқа дейінгі тергеу болып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.