Си Цзиньпин Байденге отпен ойнамауды ескертті

Дастан Жұмабекұлы

Ол екі сағатқа созылған әңгімеде АҚШ-тан Қытайдың ішкі ісіне араласпауды сұрады

 

Көрнекі фото

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Тайвань төңірегіндегі шиеленістің өршуіне байланысты АҚШ президенті Джо Байденге ескерту жасады.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Си Цзиньпин АҚШ президентіне телефонмен Қытайдың Тайваньның тәуелсіздігін мойындамайтынын, Құрама Штаттарға  ҚХР-дың ішкі ісіне араласуды доғару керектігін ескертті.

АҚШ-тан отпен ойнамауды сұраймыз. Құрама Штаттар бұған шындап қарайды деп үміттенеміз, – деді Цзиньпин телефонмен.

Әңгіме екі сағатқа созылған.