Астанада үйлі болған 124 көпбалалы отбасының тізімі жарияланды

Динара Амантай

Жалға берілетін баспана алу бойынша іріктеудің нәтижесі шықты

Фото: golos-naroda.kz

Нұр сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын ұй қоры» КММ елордада үй кезегінде тұрғандар арасында жалдамалы баспанаға қол жеткізгендердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана алу бойынша іріктеуге өтінімдер 18-24 маусым аралығында қабылданған еді.

Бағдарлама арқылы көпбалалы отбасыларды үймен қамтамасыз ету көзделген.

Баспананың барлығы - 2,3 бөлмелі 124 пәтер.

Бағдарлама бойынша өткендер мен өтпегендердің аты-жөні әкімдіктің сайтында жарияланған. Тізімді осы сілтемеден жүктеп алуға болады.

Іріктеуден өткен азаматтарға жақын арада тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, әрі қарайғы әрекеттерін түсіндіріп береді.