Тергеу нәтижелері бойынша 474 қылмыстық іс сотқа жіберілген
Қазақстанда Қаңтар оқиғасы бойынша сотталғандардың саны 717 адамға жетті. Бұл туралы Бас прокуратураның алқа отырысында хабарланды.
Жыл басынан бері мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін прокурорлар барлық күш-жігерін қаңтар трагедиясының себептерін егжей-тегжейлі анықтауға, террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушыларын анықтауға бағыттады. Қазір тергеу нәтижелері бойынша 474 қылмыстық іс сотқа жіберіліп, жалпы 717 адам сотталды, - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі тартқан ақпаратта.
Ведомство терроризм актілері мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы істерден басқа, тонау, ұрлық, қаруды ұрлау, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күш қолдану фактілері тергеліп жатқанын хабарлады.
Еске салсақ, жаппай тәртіпсіздік кезінде 4 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Олардың ішінде 2402 полиция қызметкері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған 990 әскери қызметші бар.
Біз бұған дейін жеті баланың анасы қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғалы жатқаны туралы жазған болатынбыз.