×

Үш облыста ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері ұсталды – Антикор

Олардың бірі басқарма басшысы, екеуі - басқарма басшысының орынбасарлары

 Халық үні 31.01.2022 | 13:40
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі үш облыста ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері ұсталғанын хабарлады.

Ұсталған лауазымды тұлғалардың арасында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы В. Гайламазян, Жамбыл облысы бойынша АШБ басшысының орынбасары Е. Кулкеев және Маңғыстау облысы бойынша АШБ басшысының орынбасары Б. Ізімтаев бар.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, Қазақстанда мемлекеттік орган басшылары жемқорлыққа жол берген қол астындағы қызметкері үшін жауапкершілік арқалайтын заңнамалық талап 2019 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама