Бақытбек Есентаев түрмеде 6 жыл отырды
Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының (Алагөзова) бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Оның қарындасы Нағима Есентаева instagram парақшасында ағасының түрмеден шыққан сәтін көрсетті.
Видеода қарындасы ағасын түрмеден қалай шығарып алып жатқандарын баяндаған. Бақытбек Есентаев түрмеде 6 жыл отырды. Оны түрмеден шығарып алуға дос-жараны, туған-туысқандары жиналған. Алайда екі қызы бармаған.
Айта кетейік, 2016 жылы Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталды. Оған әйелін өлтіруге оқталды, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген айып тағылды. Сот жабық түрде Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилерінің қатысуымен өтті.
Бұған дейін Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығатыны хабарланды.