Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді.
25 қаңтардағы Президент жарлығына сәйкес, Мемлекет хатшысы мынадай өкілеттіктерді де жүзеге асырады:
- ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
- саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
- Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
- «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Одан бөлек, Мемлекеттік хатшы:
- ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;
- Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.
- қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;
- Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Еске салайық, 5 қаңтарда Ерлан Қарин Мемлекет хатшысы лауазымына тағайындалып, ол ҚР президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.