Halyq Uni логотип
×

Мемлекет хатшысының өкілеттігіне өзгерістер енгізілді

Жуырда Мемлекет хатшысы лауазымына Ерлан Қарин тағайындалды

 Ербол Тұрымбет 31.01.2022 | 13:33
Мемлекет хатшысының өкілеттігіне өзгерістер енгізілді
фото: Ұлттық кеңес отырысы, 2019 жыл

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді.

25 қаңтардағы Президент жарлығына сәйкес, Мемлекет хатшысы мынадай өкілеттіктерді де жүзеге асырады:

  • ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
  • Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
  • «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Одан бөлек, Мемлекеттік хатшы:

  • ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
  • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;
  • Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.
  • қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;
  • Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Еске салайық, 5 қаңтарда Ерлан Қарин Мемлекет хатшысы лауазымына тағайындалып, ол ҚР президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама