Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінің бір қабаты бұзылады
Үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне енді
Алматының тау бөктерінде орналасқан элиталық тұрғын үй кешенінің бір қабаты сүріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салынып жатқан Pain Hill тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімімен бұзылады Ерменсай шағын ауданы 7 уч. 8/1 салынып жатқан нысанды тексеру кезінде құрылыс салушы үшінші тұрғын үй қабатын заңсыз салып жатқаны анықталды. Рұқсат тек 2 қабатқа берілген, – делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, өткен жылдың қараша айында басқарма сотқа үйді бұзу туралы шағым түсіріп, ол қанағаттандырылмады. Ал апелляциялық өтініш оң нәтиже берген.
Нәтижесінде үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне еніп, Әділет департаментімен орындалып жатқаны белгілі болды.