Бұрын сотталған азамат танысының жүрек тұсына пышақ сұққан
Астанада WhatsApp-та екі адам бір-бірімен хат жазысып, оның соңы жанжалға ушығып кеткеннен кейін Т. есімді азамат танысын пышақтап кеткен.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының соты хабарлады.
Танысының жүрек тұсына пышақ сұққан адам көп ұзамай ұсталды. Ол бұрын сотталған болып шықты.
Енді ол Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.