Ол футбол алаңының жанында иістеніп кеткен
Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар ойнайтын ауладағы футбол алаңынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
26 шілде күні сағат 10.11-де «102» телефон номеріне Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.