Жүргізушілер мен жолаушы көз жұмды
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында жантүршігерлік жол апаты болды.
«Volkswagen Passat» көлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына бара жатқанда қарсы жолаққа шығып, қарама-қарсы келе жатқан автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Көліктердің жүргізушісі мен бір жолаушы сол жерде қаза тапты.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.