Хабарлама сағат 09.46-да келіп түсті
Бүгін Нұрсқлтан Назарбаев халықаралық әуежайының электронды поштасына жарылғыш зат туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары оқиға орнында болды.
28 шілде күні сағат 09.46-да «102» телефон номеріне авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежайға қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келгені туралы ақпарат келіп түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.
Хабарламада полицияның әуежайды тексергені айтылған. Жарылғыш зат табылмады.