Halyq Uni логотип
×

COVID-19 алғаш анықталған Уханьда тағы да локдаун жарияланды

Қытай пандемия басталғаннан бері COVID-ке қарсы қатаң шаралар саясатын жүргізіп келеді

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2022 | 12:12
COVID-19 алғаш анықталған Уханьда тағы да локдаун жарияланды
фото: ашық дереккөз

Қытайдың Ухань қаласында қайтадан локдаун жарияланды. Билік вирус белгілері жоқ 4 науқас анықталған соң қала маңындағы Цзянся ауданының 1 миллионға жуық тұрғынынан 3 күн бойы үйден шықпауды талап еткен.

ВВС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2 күн бұрын 12 миллион халқы бар Ухань қаласында тұрғындарды әдеттегі тестілеу кезінде 2 асимптоматикалық жағдай анықталған. Содан кейін осы 2 адамның байланыс тізбегі бойынан ауру белгілері жоқ тағы 2 тасымалдаушы анықталған соң, билік дереу карантин туралы қаулы шығарды.

Қытай пандемия басталғаннан бері жаппай тестілеу, оқшаулау және ауру жұқтырғандарды қатаң оқшаулауды қамтитын COVID-ке қарсы қатаң шаралар саясатын жүргізіп келеді. Нәтижесінде Қытайдың ресми статистикасы елде әлемнің көптеген елдеріне қарағанда коронавирустан өлім көрсеткіші аз болғанын тіркеді. Алайда қалалар мен аймақтардың жиі жабылуы адамдар, бизнес және тұтастай алғанда экономикаға ауыр тиді.

Қатаң карантинге жабылған алғашқы қала Ухань болды. Онда жаңа коронавирус 2020 жылдың басында анықталды. Сол кезде әлем Қытай билігінің бұл шарасын түсінбей, таңқалған болатын. Бірақ көп ұзамай көптеген қалалар мен елдер дәл осындай шаралар қолдануға мәжбүр болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама