Биыл бос жатқан 904 мың га жер қайтарылды
Жыл соңына дейін 5 млн га мемлекет меншігіне өтеді
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлері жаппай мемлекетке қайтарылып жатыр. Соңғы 6 айда 904 мың га пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Биылғы жылдың соңына дейін тағы 5 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланып отыр. Былтыр 430 мың га қайтарылды.
Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін әкімдіктер арқылы жергілікті атқарушы органдар бөледі.