×

Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы демалысында ешкіммен кездескен жоқ

ҚР тұңғыш президенті демалысынан оралды

 Халық үні 28.07.2022 | 10:13
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы демалысынан оралды. Ол демалысын туыстары мен жақындарының арасында өткізді. Бұл туралы Елбасы кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Айдос Үкібайдың жазуынша, ҚР тұңғыш президенті демалыс кезінде шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездеспеген.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында «Бүркіт» Қазақстан мемлекеттік әуекомпаниясының Airbus A320 Neo ұшағымен Түркияға аттанғаны хабарланды. KazTAG-тың хабарлауынша, Қазақстанның экс-президенті өзінің туған күнін отанында емес, Түркияның Бодрум қаласында атап өтуді жоспарлаған.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғасынан кейін (18 қаңтар) мәлімдеме жасап, 2019 жылы президенттік өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғанын және содан бері зейнеткер (құрметті демалыс) екенін айтты. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама