Түркістан облысында бөлім басшысы 1 млн теңге пара алған жерінен ұсталды
Әзірге ұсталған басшының кім екені айтылмай отыр
Түркістан облысында бөлім басшысы бір миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Отырар арнасы.
Тергеу нәтижесінен белгілі болғандай, бұл қаражатты жұмысында одан әрі қалу үшін қоластындағы жұмысшылардың бірі берген.
Әзірге ұсталған басшының кім екені айтылмай отыр. Белгісі, бөлім басшысы Келес ауданындағы көшелердің бірінде бір миллион теңге алған жерінен қолға түскен.
«Қылмысты ашу үшін департаментте арнайы топ құрылды. Іздеу кезінде полицейлер одан ақша тәркіледі. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді Түркістан облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Марат Әбдірахманов.