Halyq Uni логотип
×

Үш адам көз жұмды: Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды (ВИДЕО)

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында болды

 Халық үні 28.07.2022 | 01:49

Мұнайлы ауданында орын алған жол-көлік оқиғасынан екі көліктің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында 27 шілде күні сағат 16:30 шамасында болған.

«Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Көліктердің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- делінген мәліметте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама